Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
3 қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылу электр станцияларының энергия блоктарының жеке қажеттіліктеріне арналған бу мен конденсат шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
(2021.27.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жылу электр станцияларының энергия блоктарының жеке қажеттіліктеріне арналған бу мен конденсат шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістеме қайта жобаланатын, қолданыстағы, кеңейтілетін және қайта құрылатын жылу электр станцияларына қатысты болады.
3. Аталмыш Әдістемеде келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Құрылғының энергетикалық сипаттамасы - қабылданған жылулық сызбадағы оңтайлы жұмыс режимінде сыртқы факторлардың белгіленген мәндерінде, құрылғы жағдайы мен оның пайдалану деңгейінде жүктемеге қатысты абсолютті немесе салыстырмалы есептеудегі оның жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерінен тәуелділік кешені;
2) сыртқы факторлар - құрылғы жұмысының үнемділігіне әсер ететін объективті факторлар, олардың мәндері электр станциясының өндірістік қызметкерлерінің қызметіне тәуелді болмайды;
3) құрылғылар тобы - жаңа бу параметрлері бірдей бу айналымы реттелетін турбоагрегаттардың немесе конденсациялық турбоагрегаттардың (қуаты бірдей энергия блоктары үшін), аталмыш турбоагрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (шаңды-көмірлі және газ-мазутты) жиындығы;
4) энергоблоктар топшасы - тек шаңды-көмірлі немесе газ мазутты қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын бу қысымы сәйкес және қуаттары бірдей конденсациялық немесе жылу шегендейтін турбоагрегаттардың жиынтығы;